Тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңес

Zhambil_1_kҚазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Тәрбие және ұйымдастыру ісі жөніндегі вице-президент, техн.ғ.д., профессор Ж.Т.Айменов

Тәрбие жұмыстары жөніндегі Кеңес ХҚТУ көлемінде барлық тәрбие жүйелерін үйлестіру және жетілдіру мақсатында құрылған. Оның төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы болады. Кеңес мүшелері қоғамдық ұйым өкілдері, оқытушы-профессорлар, тәрбие ісімен айналысатын құрлымдық бөлім қызметкерлері құрамынан ұйымдасады. Тәрбие кеңесінің құрамына университетіміздің барлық факультеттері қамтылған. Бүгінгі таңда жүйелі жұмыс атқаруда. Сондай-ақ университетімізде студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі дұрыс жолға қойылған, және де түркі тілдес халықтардың жастарын достыққа шақыратын, еліміздің саясатымен сәйкес жұмыс атқаратын «Шаңырақ» студенттік клубтар координациялық басқармасы жұмыс атқаруда.

Университетіміздің тәрбие саласының құрлымы заманауи жасақталып, тұрақты мақсатта жұмыс атқарады.

Тәрбие кеңесінің төрағасы: Вице-президент, профессор Ж.Т.Айменов

Тәрбие кеңесінің төраға орынбасары: Тарих және педагогика факультетінің деканы К.М.Жетібаев,

Тәрбие кеңесінің хатшысы: Тәрбие координаторы А.Нарбекова,

Кеңес мүшелері: Жатақхана дирекциясының директоры Р.Абдукаримова,

Шет елдерден келген білімгерлерді ұйымдастыру бөлімінің бастығы Б.Шен,

Жатақхана дирекциясы директорының орынбасары М.Жамбаз,

Жастар ұйымының төрағасы М.Байболов,

Спорт және өнер факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Е.Махамбет,

Медицина факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары: Ғ.Асанова,

Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Р.Абдрахманов,

Жаратылыстану факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары А.Құрманбай,

Заң факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары А.Алайдаров,

Экономика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары С.Көлбаев,

Филология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Г.Тасболатова,

Тарих және педагогика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Е.Абдраманов,

Мәдениет орталығының директоры Г.Зияйдинова.

Tarbuie_sxema_k_1 Tarbuie_sxema_k_2 Tarbuie_sxema_k_3

 

Халықаралық қазақ-түрік университеті құрылып, қарыштап қадам басып келе жатқанына да 20 жылға жуық уақыт болды. Осы жылдар аралығында қаншама жас талаптарды құшақ жая қарсы алып, сапалы түлектерді болашаққа шағарып салып жатқаны бүгінгі және кешегі күннің ақиқаты.

Сапалы білім алу үшін салихалы тәрбие қажет екені сан ғасырдан бері дәлелденген және өзгермейтін қағидаға айналған. Осыны негізге алған біздің университетіміздің тәрбие кеңесі талай-талай мәдени, саяси, тарихи табыстарға жетіп келеді. Әрине осы жетістіктердің барлығы сапалы мамандар, өз жұмысына шынайы берілген жандардың еңбегі екенін ешқашан ұмытуға болмас.

Ел Президенті ағымдағы жылы оқу орнымызда болғанында жоғары білім сапасының халықаралық стандарттарға жауап беруге тиісті екенін, бұл үшін жоғары оқу орны әлемнің жетекші университеттерінің қатарына енуге ұмтылуы міндетті екенін атап көрсеткен еді. Оқу орнымыздың 2010 жылдың қорытындысы бойынша Тәуелсіз Қазақстан агенттігі анықтаған Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының Бас рейтінгісінде 5-орынды иеленуінің өзін Елбасы тапсырмасын орындау бағытында атқарылған алғашқы қадам деп есептеуге болады. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылған: «Жоғары білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, білім беруді инновациялық тұрғыдан дамытуға баса мән бере беретін боламыз. Әрине, біздің тәрбие саласында үлкен жаңалықтар мен айтулы табыстар жетерлік. Тәуелсіз еліміз егемендік алғалы бері қаншама толағай табыстарға жеткен болса, біздің университетіміз де көреген көшбасшымыздың қолдауымен құрылғандықтан болар, талай-талай жетістіктерге жетіп, асқар асуларды алуды мақсат еткен еліміздегі бірден-бір оқу орны екендігі бүгінгі таңдағы ақиқат. Әсіресе білікті профессорлар мен доценттер өте жоғары деңгейде тәжірибелер жинақтауда.

Сондай мықты мамандар сапалы да саналы түлектерді тәрбиелейді деп айтуға және университетіміздің беделінің жоғары болуына ықпал етері сөзсіз. Тәрбие кеңесінің төрағасы, профессор Жамбыл Айменов мырзаның атап көрсеткеніндей, «білім мен тәрбиені жетілдіру үшін, ең алдымен мемлекет гранттарын көптеп жеңіп алу үшін емес, ең алдымен сол грантқа ие болған студентке қаншалықты білім мен тәрбие бере алатынымызбен көрінуі тиіс».

Еліміз әрқашан алдыңғы өркениеттердің деңгейінде жүруі үшін, ең алдымен білім керек, бірақ тәрбиесіз берілген білімнің сол өркениетке зардабы болатыны тарихта сан рет дәлелденген. Көреген бабаларымыз айтқандай, «Тәрбиесіз берілген білім – тұл». Сондықтан адамзатың талбесіктен жербесікке дейінгі өмірі тәрбиемен байланысады. Біздің мақсатымыз университетіміздің сутденттеріне еліміздің патриоты, табиғаттың жанашыры, адамзатты аялайтын, ең бастысы елі үшін еш нәрсесін аямайтын саналы да сапалы мамандар даярлау.

stend1_k stend2_k stend3_k

stend4_k

Tarbuie_k_1 Tarbuie_k_2 Tarbuie_k_3

 
© Ахмет Ясауи Университеті І веб бағдарламашы: Тукибаев.E.